Accessibility links

1275 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 8 адам қайтыс болды


Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

31 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 259 адам тіркелді. 16 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 1 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Жексенбі күні 8 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 7 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 187 970 адамға жетті. 168 768-і жазылған. Өткен тәулікте 854 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 556 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 874 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 570 адам қайтыс болған. 35 900 адам жазылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (246) тіркелді. Алматыда - 116, Нұр-Сұлтанда - 61, Шығыс Қазақстан облысында – 81, Атырау облысында – 78, Қарағанды облысында – 86, Батыс Қазақстан облысында - 87, Солтүстік Қазақстан облысында – 85, Қостанай облысында - 88, Алматы облысында - 62, Шымкент қаласында - 9, Жамбыл облысында - 14, Түркістан облысында - 25, Маңғыстау облысында - 10, Ақтөбе облысында - 5, Қызылорда облысында 9 адамнан коронавирус анықталған.

Қазір коронавирустан 28 050 адам емделіп жатыр. 11 404-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 414 науқас стационарда емделіп жатыр. 260 адамның жағдайы ауыр, 52 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппараттына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 102 млн 9 мыңнан асты. 57 млн 15 мың адам жазылған. 2 млн 227 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG