Accessibility links

Навальный сотына байланысты Мәскеудегі бірқатар көшелер жабылады


Мәскеу қалалық сотының ғимараты.
Мәскеу қалалық сотының ғимараты.

2 ақпанда Мәскеу қалалық соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру туралы қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметінің (ФСИН) өтінішін қарайды. Сот отырысы кезінде полиция Мәскеу қалалық соты маңындағы бірнеше көшені жаппақ. Бұл туралы Мәскеу қалалық ішкі істер басқармасының сайтында жазылған.

Навальный соты жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-ға белгіленген. Саясаткердің штабы жақтастарын Мәскеу қалалық сотына барып, қолдауға шақырды. Полиция сайтында көшелердің таңертеңгі сағат 9-дан бастап жабылатыны жазылған.

2020 жылы 29 желтоқсанда ФСИН "Новичок" уымен уланып, Германияда емделген Навальныйға іздеу жариялап, оны 2014 жылы "Ив Роше ісі" бойынша шыққан үкім талаптарын орындамады деп айыптап, соттан оны түрмеге қамауды сұраған. Навальныйдың жазасын өтеу мерзімі 30 желтоқсанда аяқталған. "Ив Роше" деген атпен белгілі іс бойынша бірнеше жыл бұрын шыққан үкімді Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты заңсыз деп таныған. Үкім бойынша Навальный 3,5 жылға шартты түрде сотталған.

Оппозициялық саясаткер Ресейге 17 қаңтарда оралған. Оны Мәскеу әуежайында бірден ұстап алып кетті.

Оппозиционердің шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру туралы сот отырысына тек тараптар мен ақпарат құралдары ғана кіргізіледі деп айтылады. Навальныйдың өзі сотқа әкелінуі мүмкін.

Қарай отырыңыз: Навальный жақтастарының көшеге шығуы, қаптаған полицей және жаппай ұстап әкету (Мәскеу, 31 қаңтар 2021 жыл).

Мәскеудегі митинг: Навальный жақтастарының көшеге шығуы, қаптаған полицей және жаппай ұстап әкету
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG