Accessibility links

SpaceX жыл соңына дейін төрт туристі ғарышқа аттандырады


SpaceX компаниясы жыл соңына дейін төрт туристен құралған коммерциялық астронавтар тобын ғарышқа аттандырады. Компанияның 2 ақпан күнгі баспасөз хабарламасында сапарды Shift4 Payments компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Джаред Исаакман қаржыландыратыны жазылған.

Америкалық миллиардер Dragon кемесіндегі өзінен бөлек тағы үш орынның ақшасын төлеген. Оған "көшбасшылық, үміт, жомарттық және игілік сапарының" өкілі болатын қоғам мүшелері таңдап алынбақ. Исаакман АҚШ-тағы рак ауруларын зерттейтін Әулие Джуд балалар ғылыми орталығына 200 миллион доллар жинау үшін қайырымдылық акциясын бастайтынын айтып отыр.


Ғарышқа сапар алдында экипаж арнайы жаттығудан өтеді, салмақсыздық және микрогравитация жағдайында туристер жаттығады.

Ғарыш кемесі НАСА-ның Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш айлағынан жылдың соңында ұшырылады. Туристер Жер орбитасында бірнеше күн болады деп айтылады. Сапар Falcon 9 зымыран тасығышы арқылы жүзеге асырылады.

Сапар аяқталған соң Dragon Жер атмосферасына еніп, Флорида штатына қонады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG