Accessibility links

1 257 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 12 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1 186 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен дәлелденген. 71 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 5 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. 12 адам өлімі тіркелген: 6 адам - коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 192 825 адамға жетті. 173 659-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 450 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 582 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 158 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 579 адам қайтыс болған. 36 683 адам жазылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (225) тіркелді. Алматыда - 112, Нұр-Сұлтанда -120, Шығыс Қазақстан облысында – 64, Атырау облысында – 44, Қарағанды облысында – 79, Батыс Қазақстан облысында - 88, Солтүстік Қазақстан облысында – 64, Қостанай облысында - 83, Алматы облысында - 71, Шымкент қаласында - 9, Жамбыл облысында - 22, Түркістан облысында - 9, Маңғыстау облысында - 17, Ақтөбе облысында - 12, Қызылорда облысында 3 адамнан коронавирус анықталған.

Қазір коронавирустан 27 480 адам емделіп жатыр. 16 584-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 734 науқас стационарда емделіп жатыр. 265 адамның жағдайы ауыр, 49 науқастың жағдайы өте ауыр. 48 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 104 млн 829 мыңнан асты. 58 млн 259 мың адам жазылған. 2 млн 281 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG