Accessibility links

Ресейде Навальный ісінде айыптаушы болған прокурор мемлекет қорғауына алынды


Алексей Навальный (ортада) "ардагерге жала жабу" ісі жөніндегі сотта. 5 ақпан 2021 жыл.
Алексей Навальный (ортада) "ардагерге жала жабу" ісі жөніндегі сотта. 5 ақпан 2021 жыл.

Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың ісін қарап жатқан мәскеулік прокурор Екатерина Фролова мемлекеттік күзеттің қорғауына алынды. Бұл туралы осы жағдайдан хабары бар дереккөзіне сілтей отырып "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Дереккөз прокурордың мемлекеттік күзет қорғауына не себепті алынғанын айтпады.

Прокурор Екатерина Фролова 2 ақпан күні Мәскеудегі Симоновский сотына күзетшілермен бірге келді. Сотта Алексей Навальныйдың "Ив Роше" ісі бойынша шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру мәселесі қаралған. 5 ақпан күнгі бітім сотында ол "Ұлы Отан соғысы ардагеріне жала жабу" ісі бойынша Навальныйға тағылған айыпты қолдаған.

"Интерфакс" прокурордың мемлекеттік күзет қорғауына алынуы жөнінде ресми жауап ала алмағанын хабарлады.

Ашық көздердегі ақпаратқа қарағанда, Екатерина Фролова осыған дейін Мәскеу қаласы Орталық әкімшілік округі прокурорының көмекшісі болған.

2 ақпандағы сот Ресей қылмыстық жазаны атқару федералды қызметінің (ФСИН) шағымын қанағаттандырып, Алексей Навальныйдың "Ив Роше" ісі бойынша алған шартты жазасын түрме жазасына ауыстырды. Судья 3,5 жылдық жаза кесті, бірақ саясаткердің осыған дейін абақтыда отырған мерзімдерін ескертіп, жаза уақытын 2 жыл 8 айға дейін қысқартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG