Accessibility links

Германия Беларусь азаматтық қоғамын қолдауға 21 миллион евро бөлмек


Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас (сол жақта) Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен (оң жақта) бірге Светлана Тихановскаяның бейбіт шеру кезіндегі ұрып-соғу туралы баяндамасын тыңдап отыр. Брюссель, 21 қыркүйек 2020 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас (сол жақта) Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен (оң жақта) бірге Светлана Тихановскаяның бейбіт шеру кезіндегі ұрып-соғу туралы баяндамасын тыңдап отыр. Брюссель, 21 қыркүйек 2020 жыл.

Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас "Беларусьпен ниеттестік" онлайн-конференциясында Беларусьтегі азаматтық қоғамды қолдау үшін 21 миллион евро бөлінетінін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, көмек аясында наразылыққа қатысқаны үшін оқудан шығарылғанстуденттер мен оқушыларға стипендия тағайындалмақ.

"Біз тәуелсіз БАҚ-ты қолдамамақпыз. Азапталғандарға психологиялық көмек көрсетеміз, қудаланған беларустарға Германиядан баспана береміз" деді ол Маас.

6 ақпан күні Беларусьтегі жағдай бойынша Германия канцлері Ангела Меркель де пікір білдірді. Ол Германия мен Еуроодақтың Беларусьтегі президент сайлауының нәтижесін мойындамайтынын, өйткені олардың "демократияға сай болмағанын", адам құқығын бұзғандарды жауапқа тартуға шақыруды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Ол бұл туралы федералды үкімет сайтында жарияланған апталық подкастында айтты.

"Германия мен Еуроодақ Беларусьтегі адам құқығын тоқтаусыз бұзып отырғандарды жауапқа тартуға бұдан әрі де шақыра бермек. Біз мұны Еуроодақ санкциясы қабылданғаннан кейін-ақ бастағанбыз" деді Ангела Меркель.

Меркел наразылық акцияларының қатысушыларына ниеттестік білдірді.

"Олар бейбіт әрі таңғаларлық табандылықпен сайлау нәтижесін бұрмалауға қарсылық танытып, саяси өзгерістер мен елдегі терең реформаларды қолдап отыр" деді Меркель. "Алайда Александр Лукашенко бастаған мемлекеттік органдардың бейбіт шерулерге бір ғана жауабы бар. Ол – зорлық-зомбылық. Билік әлем бұл батыл адамдарды жуық арада ұмытып кетер деп үміттенетін көрінеді. Біз оған қалай да жол бермеуіміз керек".

Меркель Минскідегі саяси басшылықты репрессияны дереу тоқтатып, саяси тұтқындарды босатуға шақырады делінген федералдық үкімет сайтында.

Еуроодақ Минскіге қарсы санкциялардың үш топтамасын жариялады. Санкцияға ел басшылығындағы 84 адам ілікті. Олардың арасында Александр Лукашенко мен күш құрылымдарының өкілдері де бар. Олар Еуроодаққа кіре алмайды, олардың еуропалық банктердегі мүлкі бұғатталады. Санкциялық тізімге 7 заңды тұлға кірді. Олардың арасында Беларусь президентінің Іс басқармасы да бар.

Былтыр 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының Лукашенко 80,1% пайыз дауыс алды деп мәлімдеді. ОСК сондай-ақ сайлауға оппозиция атынан түскен Светлана Тихановская 10,12 пайыз дауыс алды деді. Тихановская сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты, ал оның жақтастары, сайлау нәтиже сенбейтіндер жаппай көшеге шығып, наразылық білдірді. Беларусьтің түкпір-түкпірінде өткен ауқымды қарсылық акциялары бірнеше ай жалғасты. Жергілікті деңгейдегі наразылық акциялары әлі күнге дейін өтіп тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG