Accessibility links

Венгрия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны мақұлдады


Әйел адамға ресейлік "Спутник V" вакцинасын салып жатқан медицина қызметкері.
Әйел адамға ресейлік "Спутник V" вакцинасын салып жатқан медицина қызметкері.

Венгрия коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған Еуроодақтағы алғашқы мемлекетке айналды. 7 ақпанда үкімет вакцинаның 40 мың дозасын таратуға әзір екенін мәлімдеді. Будапешт алдағы үш айда вакцинаның тағы 2 миллион дозасын алмақ. Британдық The Lancet журналы осы айдың басында "Спутник V" вакцинасының коронавирустан қорғау тиімділігі 91,6 пайыз екенін көрсетті деп хабарлаған.

Венгрия сонымен бірге Covid-ке қарсы қытайлық вакцинаны да пайдаланатын Еуроодақтағы алғашқы ел. Будапешт Қытайдың мемлекеттік Sinopharm компаниясы әзірлеген вакцинаның 5 миллион дозасына тапсырыс берген. Үкімет қытайлық вакцинаны осы айдың соңында пайдалана бастайтынын хабарлаған.

Соңғы мәлімет бойынша, Венгрияда коронавирус инфекциясы 375 мыңнан астам адамға жұққан, 13 мыңнан астам кісі көз жұмған. 10 миллионға жуық тұрғыны бар бұл ел Covid жұқтырғандар саны бойынша әлемде 38-орында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG