Accessibility links

Иранда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын егу басталды


Медицина қызметкері тұрғынға ресейлік "Спутник V" вакцинасын салып жатыр. 8 ақпан 2021 жыл.
Медицина қызметкері тұрғынға ресейлік "Спутник V" вакцинасын салып жатыр. 8 ақпан 2021 жыл.

Иранда халыққа коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіле бастады.

"Спутник" вакцинасы бірінші болып менің балама егілді" деді Тегерандағы имам Хомейни ауруханасында вакцинация кампаниясының басталуына орай ұйымдастырылған шара кезінде денсаулық сақтау министрі Саид Намаки. Басталу рәсімі 8 ақпанда тікелей эфирден көрсетілді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Алиреза Раиси вакцина бірінші кезекте медицина қызметкерлері, қарттар мен мүгедектерге салынатынын хабарлады.

"Спутник V"-тің алғашқы партиясы Тегеранға 4 ақпанда жеткізілген. Иран билігі ақпан айының ортасынан бастап тағы екі партия жеткізілетінін айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур AFP агенттігіне вакцинаның 2 млн дозасы сатып алынғанын айтқан.

Британдық The Lancet журналы осы айдың басында "Спутник V" вакцинасының коронавирустан қорғау тиімділігі 91,6 пайыз деп хабарлаған.

Ресми мәлімет бойынша, Иранда 1,4 млн адамға коронавирус жұққан, 58 мыңнан астамы қайтыс болған. Иран - Таяу Шығыс аймағында коронавирустан көбірек зардап шеккен ел.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG