Accessibility links

Қазақстанда тағы 1 059 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 9 адам өлімі тіркелді


Коронавирус жұққан науқастарға көмектесіп жүрген еріктілер. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастарға көмектесіп жүрген еріктілер. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1 007 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 52 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 11 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 9 адам өлімі тіркелген: 5 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 199 093 адамға жетті. 180 807-і жазылған. Өткен тәулікте 1530 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 626 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 440 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 591 адам қайтыс болған. 38 237 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 25 272 адам емделіп жатыр. (9 612-ісінің ПТР тесті теріс шыққан, 15 660 адамның ПТР тесті оң шыққан). 5 318 науқас стационарда емделіп жатыр. 260 адамның жағдайы ауыр, 48 науқастың жағдайы өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

10 ақпан күнгі ақпарат бойынша, екі облыс пен бір қала – "қызыл аймақта" (Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақмола облысы). Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 107 млн 297 мыңнан асты. 59 млн 986 мың адам жазылған. 2 млн 352 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG