Accessibility links

Авиация комитеті Qazaq Air ұшақтарының шассиінің жарылуын тексереді


Qazaq Air ұшағы (Көрнекі сурет).
Qazaq Air ұшағы (Көрнекі сурет).

Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының екі ұшағының шассинің бүлінуіне байланысты тексеріс бастады.

Комитеттің хабарлауынша, 13 ақпанда Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында ұшып шыққан QAZ353 рейсі Алматы әуежайына қонған кезде шассиі жарылған. Жолаушылар эвакуацияланған.

Ал 12 ақпанда 23.20-да Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшпақ болған QAZ427 рейсінің шассиі жарылып, ұшақ 700 метрдей қозғалып тоқтаған. Кейін ұшақ тұраққа жеткізілген.

Қазір комитет екі жағдайды да тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Qazaq Air –негізінен Қазақстанның ішіндегі рейстерге арналған лоу-кост компания. 2018 жылы тамызда ұшуға рұқсат алған. Әуе компаниясын "Самұрық қазына" әл-ауқат қоры құрған. Qazaq Air рейстерін Bombardier Dash 8 Q400 ұшағымен орындайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG