Accessibility links

СІМ: Еуропарламенттің Қазақстан жөніндегі қарарын теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

"Біздің көзқарасымыз бойынша, қарар мәтіні елдегі ахуалды бұрмалайды" деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров "ҚазАқпарат" агенттігіне берген сұхбатында. Министрлік өкілі қарарды "теріс ұстанымдағы саясаткерлер" ұсынғанын айтты, бірақ ол саясаткерлердің аты-жөнін атамады.

Еуропа парламенті 11 ақпан күні "Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде" дейтін қарар қабылдаған. Қарарда Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы жиілеп кеткені, азаматтық белсенділердің биліктен қысым көретінін, кейбірінің қудалау кезінде қайтыс болып жатқанын, сайлаулардың әділ өтпейтіні, азаматтық қоғам аясының тарылғаны айтылады.

"Еуропарламенттің бірқатар мүшелері еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірлеріне қарамастан, өздерінің партияларындағы ішкі тәртібіне сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс берді. Сонымен қатар объективті көзқарастағы бірқатар еуродепутаттар, атап айтқанда Максимиллиан Кра (Германия), Тьерри Мариани (Франция) және Татьяна Жданока (Латвия) Қазақстанды белсенді қорғады" деп келтіреді ҚазАқпарат Айбек Смадияровтың сөзін.

Еуропарламенттің Қазақстан жөніндегі қарарын 693 депутаттың 598-і қолдаған. 43 депутат қарсы дауыс берген. Қарар адам құқығын бұзылуына жауапты Қазақстан азаматтарына, мекемелеріне санкция салуды қарастыруға шақырады.

"Брюссельдегі еуродепутаттардың кейбір қарарларды мәселенің байыбына бармай, фактілерді дұрыстап тексермей, "автоматты түрде" қабылдай салатынын білеміз. Осы тұрғыдан бізді жаңа қарарда бір құжаттан екінші құжатқа дәстүрлі түрде көшіп жүретін "ескі кейстердің" көп болуы таңғалдырмайды" дейді СІМ өкілі 13 ақпан күні жарық көрген сұхбатта.

Еуропарламент қарарында көбіне кейінгі жылдардың мысалы келтірілген. Онда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің полиция ұстап әкеткен соң жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны, оның 17 жастағы ұлы Жанболат Ағаділдің қазасы, оппозициялық әрекеттері үшін саяси қудалауға ұшыраған Аманбике Қайролла мен Серік Оразовтың өлімі аталады.

"Үш жерден пышақталған". Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың қазасының анық-қанығы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:19 0:00

Қарарда сондай-ақ 21 қаңтарда Шыңжаңдағы концентрациялық лагерьге түсуден қауіптеніп Қазақстанға қашқан екі Қытай қазағы Қайша Аханқызы мен Мұрагер Әлімұлының бір күнде шабуылға тап болуы, бірінің соққыға жығылып, екіншісінің пышақталуы атап өтілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG