Accessibility links

Франция депутаттары республикалық құндылықтар туралы заңды қолдап дауыс берді


Оқушыларға сөз еркіндігінің мысалы ретінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын келтірген соң ұлты шешен Франция азаматының қолынан қаза тапқан Самуэль Патидің портреті Франция парламентінде.
Оқушыларға сөз еркіндігінің мысалы ретінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын келтірген соң ұлты шешен Франция азаматының қолынан қаза тапқан Самуэль Патидің портреті Франция парламентінде.

Сейсенбі, 16 ақпан күні Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблея республикалық құндылықтарды қорғау туралы заң жобасын қолдап дауыс берді. Заң жобасы "ислами сепаратизмге" қарсы бағытталған саналады. Франция президенті Эммануэль Макроннан қолдау тапқан бұл құжаттың мақсаты – мемлекеттік зайырлы сипатын бұзғысы келетін радикал діни топтарға төтеп беру.

Заң жобасын сынаған солшылдар оның мұсылмандарды стигмалайтынын, сөз мен діни сенім еркіндігін шектейтінін айтады.

Заңды 347 қолдаған. 51 депутат қарсылық білдірген. Құжат күшіне енуі үшін парламенттің жоғарғы палатасы Сенаттың мақұлдауы керек.

70-тен астам баптан тұратын заңда мешіттер мен діни мектептерді жабуға мүмкіндік беретін негіздер келтірілген, шетелді қаржы алатын діни топтардың есептілігі енгізілген. Сондай-ақ құжатта үш жасқа толған балалардың бәрі мектепке баруы керек екенін жазылған. Үйде білім алуға тек ерекше жағдайларларда рұқсат беріледі. Заң жобасы авторлары бұл баптарды негіздеуде Францияның ислам қауымдастықтарында балаларын үйде оқыту күшейіп бара жатқанын айтады. Олардың сөзінше, бұл мұсылман отбасындағы балалардың республикалық құндылықтарды сіңіруін тежейді.

Заң жобасын Макронның жақтастары мектеп мұғалімінің діни себеппен қаза табуынан кейін ұсынған. Былтыр қазанда Париж маңындағы қалада сабақ беретін Самуэль Патиді шешен қауымдастығының 18 жастағы мүшесі өлтіріп кеткен. Оның алдында мұғалім сөз еркіндігінің мысалы ретінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын мысал еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG