Accessibility links

Америкалық Perseverance ровері Марс бетіне қонды


Perseverance роверінің Марс бетінен түсірген алғашқы суреті.
Perseverance роверінің Марс бетінен түсірген алғашқы суреті.

Америкалық Perseverance ровері Марс бетіне сәтті қонды. Қону сәті АҚШ аэроғарыш агенттігі (NASA) сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Ғаламшар бетінде жүре алатын көлік тіршілік белгілерін іздеп көреді және топырақ үлгілерін жинайды. Ол үлгілер кейін Жерге жеткізіледі.

Қону сәті шамамен жеті минутқа созылды. Аппарат Марс бетіне парашютпен түсіп, қонған сәтте алғашқы суретін түсірді.

Perseverance Марсқа былтыр шілдеде ұшырылған. Құрылғы "Марс-2020" миссиясы аясында ғаламшарда 700 тәулік (Жер уақытымен) жұмыс істейді.

10 ақпан күні Марс орбитасына Қытай зонды да жеткен. Аппарат ғаламшар бетіне мамырдың соңында түсірілмек. Қытайлық ғалымдар миссия Марсқа адам жіберу мүмкіндігін зерттеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Қытай зондынан бір күн бұрын Марс орбитасына Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Амаль" ("Үміт") дейтін спутнигі жеткен. Спутник былтыр жазда ұшырылған. Оның миссиясы – ғаламшардың атмосферасын, климат жағдайын, жыл маусымдарын зерттеу.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG