Accessibility links

АҚШ концлагерьдің бұрынғы күзетшісін Германияға депортациялады


Освенцимдегі тікенді сым.
Освенцимдегі тікенді сым.

АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік концлагерьдің күзетшісі болған 95 жастағы Фридрих Карл Бергерді Германияға депортациялады. Бұл туралы сенбі 20 ақпан күні АҚШ әділет министрлігі хабарлады. Бұрынғы күзетші АҚШ-та 60 жылдан астам уақыт тұрған.

"Бергердің депортациясы әділет министрлігі мен өзге де құқық қорғау органдарының Америка Құрама Штаттарын адамзатқа қарсы бағытталған нацистік қылмыстар мен адам құқықтарына байланысты өзге де бұзушылықтарға қатысы бар адамдар үшін пана етпеуге басымдық беретінін білдіреді" Әділет министрі міндетін атқарушы Монти Уилкинсон.

Депортация туралы шешімді былтыр Теннеси штатының соты қабылдаған. Бергер осы штатта тұрған.

Оның алдында Германияның солтүстігіндегі Целле қаласының прокуратурасы Бергердің концлагерьлердегі 1945 жылғы кісі өлтіруге қатысы барын тергей бастаған. Қараудағы концлагерь Гамбургке жақын Нойенгамме лагерьлер желісіне кірген.

Германияның өзінде Бергердің үстінен қозғалған іс былтыр желтоқсанда жабылған. Ол Нидерландымен шекараға жақын Меппен ауданында тұтқындарды бірнеше апта күзеткенін мойындаған, бірақ ешқандай кісі өлтірудің, азаптаудың куәсі болмағанын мәлімдеген. Целле прокуратурасы оның айтқандарын даулай алмаған.

АҚШ соты Бергер күзеткен концлагерьдің тұтқындары "сұмдық" жағдайда ұсталған деп тапты. Оларды "қалжырағанша не өлгенше" жұмыс істеуге мәжбүрлеген дейді АҚШ әділет министрлігі.

Бергер мінген ұшақ Франкфурт әуежайына қонды. Германия билігі оның еркін адам екенін, оған қарсы қылмыстық тергеу жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді. Алайда Целле прокуратурасы одан жауап алмақ.

Мұның алдында Германия билігі Заксенхаузен концлагерінде күзетші болған 100 жастағы немісті 3,5 мың кісі өлтіру оқиғасын жасырды деп айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG