Accessibility links

Оралдық белсенді "саяси тұтқындарды босатуды" талап етіп, пикет өткізді


Белсенді Бекболат Өтебаев бір адамдық пикетке шықты. 22 ақпан 2021 жыл.
Белсенді Бекболат Өтебаев бір адамдық пикетке шықты. 22 ақпан 2021 жыл.

22 ақпанда Орал қаласы әкімдігі алдындағы орталық алаңда белсенді Бекболат Өтебаев бір адамдық пикет ұйымдастырды. Ол "Саяси тұтқындарға бостандық. Freedom for political prisoners" деп жазылған плакат ұстап шықты.

— Қазақстанда қамауда отырған, қудаланған саяси тұтқындар көп. Барлық саяси тұтқынды босатуды, саяси тұтқындар мен "экстремизм" деген өтірік айыппен айыпталған белсенділерге қарсы репрессияны тоқтатуды талап етемін, - деді ол.

Өтебаевтың пайымдауынша, белсенділерді азаматтық ұстанымы мен "жемқорлықпен күрескені үшін" қудалап жатыр. Ол белсенділердің ісін қараған судьялар мен прокурорларды жауапқа тартуды талап етті.

Өтебаев пикет өткізіп жатқанда алаңда екі полицей бақылап жүрді. Әкімдік өкілі 15 минуттан соң келіп, белсендіден акцияны тоқтатуды талап етті.

— Пикет өткізуге тыйым салатын заңды көрсетіңізші, ондай бап жоқ. Бірақ Конституцияда бір адамдық акция арқылы ойымды еркін айтуға мұмкіндік беретін бап бар, - деді Өтебаев әкімдік өкіліне.

Әкімдік өкілі кеткен соң Өтебаев плакатын жинап, алаңнан кетті.

Өтебаев пикеттің алдында он шақты адаммен бірігіп, әкімдікке бейбіт митинг өткізуге өтініш берді. Қазіргі заңға сай, бейбіт митингіні тек әкімдіктің келісімімен ұйымдастыру керек. Жұрт митингіден бес күн бұрын әкімдікке ескертуі тиіс.

2020 жылы Орал әкімдігі бейбіт митинг өткізу туралы жиырмадан астам өтінішті кері қайтарды. Жергілікті билік пандемияға байланысты жарияланған карантин шараларын алға тартады.

Қазақстанда бейбіт жиын заңы қалай қабылданды? Заңның кемшілігі қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:15 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG