Accessibility links

Тағы 700 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 9 адам қайтыс болды


Жасанды аппаратқа қосылған науқас. Көрнекі сурет.
Жасанды аппаратқа қосылған науқас. Көрнекі сурет.

Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталғандар қатары 692 адамға көбейді. 8 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 23 ақпан күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 9 адам өлімі тіркелген: 8 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

2020 жылдың наурыз айынан бері 208 809 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 707 адам қайтыс болған. 192 773 адам айыққан. Өткен тәулікте Алматы қаласында ғана жүзден астам науқас тіркелген. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 24536 (+ 60 науқас өткен тәулікте тіркелген)
  • Алматы қаласында - 24470 (+111)
  • Шығыс Қазақстан облысында - 21692 (+82)
  • Атырау облысында - 16967 (+28)
  • Павлодар облысында - 17128 (+93)
  • Қарағанды облысында - 15133 (+35)
  • Ақмола облысында - 13242 (+65)
  • Батыс Қазақстан облысында – 12622 (+45)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 12138 (+40)
  • Қостанай облысында - 11985 (+67)
  • Алматы облысында - 10512 (+36)
  • Шымкент қаласында - 6078 (+6)
  • Жамбыл облысында - 5865(+10)
  • Түркістан облысында - 4252(+5)
  • Маңғыстау облысында - 4202(+0)
  • Ақтөбе облысында -4191(+0)
  • Қызылорда облысында -3796(+9).

2020 жылдың 1 тамызынан бері 48 991 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, содан бері 613 науқас қайтыс болған. 40 967 адам жазылған.

Қазір 20 780 (7 411 адамның ПТР тесті теріс шыққан) адам коронавирустан емделіп жатыр. 4 638 адам стационарда ем қабылдап жатыр. 245 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 48 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Жергілікті сарапшылар Қазақстанда коронавирус статистикасы азайтылып көрсетіледі деп санайды. Былтыр маусым, шілде айларында ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандар күрт көбейген.

2020 жылы Қазақстанда соңғы 20 жылдағы ең жоғары адам өлімі көрсеткіші тіркелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG