Accessibility links

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 809 адамға көбейді


Коронавирус жұққан науқастарды ауруханаға апара жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастарды ауруханаға апара жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 753 адамға коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталды. 56 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 13 адам өлімі тіркелген: 11 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

2020 жылдың наурыз айынан бері 209 562 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 718 адам қайтыс болған. 193 679 адам айыққан. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 24604 (+68 науқас жаңадан тіркелді)
  • Алматы қаласында - 24563 (+93)
  • Шығыс Қазақстан облысында - 21765 (+73)
  • Атырау облысында - 17005(+38)
  • Павлодар облысында - 17218(+90)
  • Қарағанды облысында - 15192(+59)
  • Ақмола облысында - 13305(+63)
  • Батыс Қазақстан облысында – 12687(+65)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 12177 (+39)
  • Қостанай облысында - 12053+(68)
  • Алматы облысында - 10551 (+39)
  • Шымкент қаласында -6084 (+6)
  • Жамбыл облысында - 5883(+18)
  • Түркістан облысында - 4258(+6)
  • Маңғыстау облысында - 4207(+5)
  • Ақтөбе облысында -4200(+9)
  • Қызылорда облысында -3810(+14).

2020 жылдың 1 тамызынан бері 49 047 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, содан бері 615 науқас қайтыс болған. 41 210 адам жазылған.

22 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Жамбыл (11) мен Алматы облысында (10) бір күнде коронавирус пневмониясы көбірек тіркелген.

Қазір 20 387 (7 411 адамның ПТР тесті теріс шыққан) адам коронавирустан емделіп жатыр. 4 574 адам стационарда ем қабылдап жатыр. 236 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Жергілікті сарапшылар Қазақстанда коронавирус статистикасы азайтылып көрсетіледі деп санайды. 2020 жылы Қазақстанда соңғы 20 жылдағы ең жоғары адам өлімі көрсеткіші тіркелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG