Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталғандар 210 мыңнан асты


Тұрғындарды маска тағуға шақырған баннер. Алматы, 9 желтоқсан 2020 жыл.
Тұрғындарды маска тағуға шақырған баннер. Алматы, 9 желтоқсан 2020 жыл.

Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамның коронавирус тесті оң шықты, 74 адамнан коронавирус пневмониясы диагнозы анықталды. Өткен тәулікте 7 адам өлімі тіркелді: 3 адам - коронавирустан, төртеуі - коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматы қаласында ПТР тесті оң шыққан жүзден астам науқас тіркелген. Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда - 85, Батыс Қазақстан облысында - 82, Павлодарда - 80, Шығыс Қазақстан облысында - 68, Қостанай облысында - 67, Қарағанды облысында - 62, Ақмола облысында - 61, Атырау облысында - 49, Алматы облысында - 40, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Ақтөбе облысында - 23, Шымкентте - 15, Жамбыл мен Қызылорда облысында әрқайсысында - 11, Түркістан облысында - 6, Маңғыстау облысында 5 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 210 357 адамның коронавирус тесті оң шыққан, 2 721 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айынан бері аймақтағы коронавирус пневмониясы жайлы дерек те жариялай бастаған. Оған сәйкес, 23 ақпанда Алматы облысында - 18, Жамбыл облысында - 16, Ақтөбе облысында - 7, Шымкент пен Павлодар облыстарында - 5-тен, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарынжа - 3-тен, Алматы қаласы, Түркістан пен Маңғыстау облыстарында - екіден, Шығыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облыстарында бір-бірден науқас тіркелген. Олардың ПТР тесті теріс шыққанмен коронавирус диагнозы клиникалық белгілеріне қарай қойылған.

2020 жылдың 1 тамызынан бері 49 121 адам коронавирус пневмониясымен ауырған, 619 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясына шалдыққандар статистикасын жалпы Covid статистикасына енгізбеген.

Көптеген сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар ресми деректе көрсетілгеннен әлдеқайда көп деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG