Accessibility links

COVID: Қазақстанда тағы 671 науқас анықталды, 11 адам өлімі тіркелді


Көшеде кетіп бара жатқан ер адам. 4 қаңтар 2021 жыл.
Көшеде кетіп бара жатқан ер адам. 4 қаңтар 2021 жыл.

Қазақстанда тағы 658 адамның коронавирус тесті оң шықты, 13 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 11 адам өлімі тіркелді: 8 адам - коронавирустан, 3 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері 214 089 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталған. Содан бері 197 782 адам жазылған, 2 772 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус жұққаны ПТР тестпен емес, клиникалық белгілері бойынша анықталған науқастар есебін (коронавирус пневмониясы) 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіп келеді. Оған дейін коронавирус пневмониясына қанша адамның шалдыққаны белгісіз. 1 тамыздан бері 49 307 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 628 адам пневмонияның сол түрінен қайтыс болған. 42 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 19 694 адам (КВИ+, КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. 13,6 мыңының ПТР тесті оң шыққан. 250 адамның жағдайы ауыр,48 науқастың жағдайы өте ауыр, 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

1 наурыз күнгі мәлімет бойынша, коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталғандар саны жағынан Алматы қаласы алда тұр. Бір күнде елдегі ең ірі қалада 102 науқас тіркелген. Ақмола облысында - 78, Павлодар облысында - 77, Нұр-Сұлтанда - 65, Қостанай облысында - 62, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Алматы облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 46, Солтүстік Қазақстан облысында - 37, Қарағанды облысында 27, Атырау облысында - 24, Жамбыл облысында - 5, Қызылорда облысында - 6, Шымкентте - 17, Ақтөбе облысында - 5, Түркістан облысында 3, Маңғыстау облысында 1 науқас тіркелген.

Қазір бірде-бір аймақ "қызыл аймақта" тұрған жоқ. "Сары аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары тұр. Қалғаны "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114 млн 417 мыңнан асты. 64 млн 603 мың адам жазылған. 2 млн 538 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG