Accessibility links

Украинада бір күнде 3,5 мыңға жуық науқас ауруханаға түсті. Қытай вакцинасы кешігіп жатыр


Коронавирус жұққан науқасқа дәрі егіп жатқан дәрігерлер. Украина, 2021 жыл.
Коронавирус жұққан науқасқа дәрі егіп жатқан дәрігерлер. Украина, 2021 жыл.

Украинада бір күнде 3 486 адам коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті. Бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ресми тұлғалар қытайлық Sinovac компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның кешігіп жатқанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов 3 наурыз күнгі жиында соңғы 24 сағат ішінде 7 235 адамнан коронавирус анықталғанын, 185 адам қайтыс болғанын айтты. Елде коронавирус жұққандар 1,3 миллион адамға жеткен, 26 мыңнан астамы қайтыс болған. Екі күн бұрын министр Sinovac вакцинасын елге жеткізу кешіктірілуі мүмкін деп мәлімдеген. Ол сейсенбі күні министрліктің жұмысына қатысты "лас ақпараттық шабуыл" өзге де вакцина шығарушылармен келіссөзге кедергі келтіріп жатқанын айтқан.

Бұған дейін жемқорлықпен күрес бюросы қытайлық Sinovac вакцинасын елге жеткізуді мойнына алған жергілікті делдал компаниясымен жасалған келісім-шартқа байланысты тергеу бастаған. Белсенділер құжаттың тым қымбат екенін алға тартқан. Степанов министрлікке бағытталған сындарды терістеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG