Accessibility links

YouTube күш қолдану қаупі сейілсе, Трамп аккаунтын бұғаттан босатады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

YouTube күш қолдану қаупі сейілсе, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттан босатады. Бұл туралы видеохостинг жетекшісі Сюзан Войчицки хабарлады деп жазды Politico.

Трамптың YouTube, Facebook және Twitter-дегі аккаунттары экс-президенттің радикалды жақтастарының 6 қаңтар күнгі Капитолийге шабуылынан кейін бұғатталған. Олар Трамптың қарсыласы демократ Джо Байденнің президент сайлауындағы жеңісін бекітуге арналған сенат отырысын өткізбей тастаған. Әлеуметтік желі басшылары Трамптың жариялаған ақпараттары тәртіпсіздікті қоздыруы мүмкін деп санаған.

Ақпан айында Twitter микроблог сервисі Трамп аккаунтын өмірбақи бұғаттайтынын растаған. Тіпті Трамп болашақта президент сайлауына түсіп, жеңген күннің өзінде де Twitter аккаунтын қайтара алмайды.

Кейбір сарапшылар әлеуметтік желі басшыларының бұл әрекетін сынап, сөз бостандығын шектеу мәселесін көтерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG