Accessibility links

Елизавета патшайым ханзада Гарри мен жұбайының сұхбатына реакция білдірді


Елизавета II патшайым.
Елизавета II патшайым.

Британдық король отбасы ханзада Гарри мен жұбайы Меган Марклдың америкалық тележүргізуші Опра Уинфриге берген сұхбатына реакция білдірді.

"Соңғы бірнеше жылдың Гарри мен Меганға соншалықты ауыр болғанын білген кезде бүкіл отбасымызбен қапаландық. Қозғалған мәселелер әсіресе, нәсілге байланысты сұрақтар алаңдатады. Кейбір естеліктерде айырмашылық та болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы салмақты түрде қабылданады және [король] отбасы оларды жеке-жеке қарастырады" делінген Елизавета II патшайым атынан жарияланған мәлімдемеде.

Би-би-си сайтының Орыс қызметі король отбасы мүшелерінің бірі Гарриден олардың ұлы Арчидің өңі қаншалықты өзгеше болатынын сұрағанына назар аударады. Мұны сұхбат кезінде Марклдың өзі айтқан. Гарри мұндай әңгіме болғанын растап, бірақ бұл сұрақты кімнің қойғанын айтпады. Сұхбаттан кейін мұның Елизавета II және күйеуі Филипп ханзада емес екені белгілі болды.

Букингем сарайының мәлімдемесінде Гарри, Меган және Арчидің әрқашан отбасының қалаулы мүшелері болып қала беретіні атап көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG