Accessibility links

Бір тәулікте коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны мыңнан асты


Шымкент қаласындағы №38 мектептің қақпасында ілулі тұрған Covid-19 коронавирусынан қорғануға үндеген плакат. 2 наурыз 2021 жыл.
Шымкент қаласындағы №38 мектептің қақпасында ілулі тұрған Covid-19 коронавирусынан қорғануға үндеген плакат. 2 наурыз 2021 жыл.

Ресми дерек бойынша, 12 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырып, тіркеуге тұрған адам саны 1002 адам болды. Бұл – көптен бері болмаған антирекорд.

Аймақтар бойынша қарасақ, өткен тәулікте Алматы қаласында бірден 293 науқас тіркелді. Бұған дейін мұндағы көрсеткіш бұдан әлдеқайда аз болып келген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 222 671 адамға жетті. Оның 205 554-і жазылып шықса, 2 840 кісі қайтыс болған.

Өткен тәулікте 772 адам дерттен айыққан.

Ресми орындар белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас, бірақ лаборатория арқылы дәлелденбеген "пневмония" дерегін бір күн кешіктіріп жариялайды. 11 наурызда пневмонияның бұл түрімен ауырған 55 адам тіркелді.

Санақ жүргізіле бастаған былтырғы 1 тамыздан бері бұл диагнозбен 49 749 науқас тіркеуге алынған. Жалпы 44 715 жазылып шықса, 653 кісі көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG