Accessibility links

Ресейдің Олимпиадада "Катюша" әнін пайдалануына сот рұқсат бермеді


Спорттық арбитраж соты (CAS) ғимаратының кіреберісі. Лозанна, Швейцария. 15 қараша, 2017 жыл.
Спорттық арбитраж соты (CAS) ғимаратының кіреберісі. Лозанна, Швейцария. 15 қараша, 2017 жыл.

Швейцарияның Лозанна қаласындағы спорттық арбитраж соты (CAS) биыл жазда Токиода өтеді деп жоспарланған Олимпиада ойындарында ұлттық гимннің орнына әйгілі "Катюша" әнін пайдалану туралы Ресейдің өтінішін қабылдамай тастады.

Associated Press таратқан сот мәлімдемесінде: "CAS комиссиясының пікірі бойынша, "Ресейге қатысы бар кез-келген гимн" деген ұғым аясына Ресеймен байланыстырылатын және оған қатысы бар әндердің барлығы, соның ішінде "Катюша" да жатады" делінген.

Ресейдің Олимпиада комитеті бұл шешім бойынша әлі пікір білдірген жоқ.

2020 жылғы желтоқсанда CAS допинг дауы аясында Ресейдің Олимпиадаларда ұлттық туды іліп, гимнді ойнатуына екі жылға тыйым салған. Бұған қоса Ресей екі жыл аралығында өз елінде әлем кубогы мен Олимпиада өткізуге өтініш бере алмайды. Сонымен бірге елдің кейбір шенеуніктеріне санкция салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG