Accessibility links

Навальныйды Владимир облысындағы изолятордан басқа жаққа көшірді


Ресейдің Владимир облысы Кольчугино қаласындағы CИЗО-3 мекемесі.
Ресейдің Владимир облысы Кольчугино қаласындағы CИЗО-3 мекемесі.

Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды Владимир облысының Кольчугино қаласындағы тергеу изоляторынан басқа жаққа алып кеткен. Бұл жөнінде саясаткердің Twitter парақшасында хабарланды.

Адвокаттардың айтуынша, 12 наурыз күні оларды түрлі себеппен Навальныймен кездесуге жібермеген. Тергеу изоляторының қызметкерлері Навальныйды қайда алып баратынын айтудан бас тартты.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған "ТАСС" ақпарат агенттігі Алексей Навальныйды Владимир облысының Покров қаласындағы №2 колонияға жеткізгенін хабарлады. Бұл түзету мекемесінің қызметкерлері оппозициялық саясаткердің өздеріне жеткізілгенін растаудан я теріске шығарудан бас тартты деп хабарлайды Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова. Басқа дереккөздерге сүйенген Ресейдің өзге ақпарат құралдары да Навальныйдың осы мекемеде жазасын өтейтінін айтты.

  • Навальный былтыр тамызда Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқанда жағдайы күрт нашарлап, Омбы қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Кейін оның уланғаны белгілі болған. Ес-түссіз жатқан Навальный Германия билігі жіберген арнайы ұшақпен Берлинге жеткізіліп, сол жақта бірнеше ай емделді.
  • Ол биыл 17 қаңтарда Германиядан Ресейге оралған еді. Ресей полициясы Навальныйды Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан бірден ұстап әкеткен.
  • 2 ақпанда Мәскеудің Симонов аудандық соты қылмыстық жазаны орындау жөніндегі федералдық қызметтің (ФСИН) талабымен оппозиционердің шартты жазасын түрме жазасына ауыстырған. 2013 жылғы қылмыстық іс бойынша Навальный 2,5 жылға колонияға жіберілді.
  • Навальный қамауда отырғанда ол басқаратын "Жемқорлықпен күрес қоры" "Путин сарайы" атты зерттеуін жариялады. Зерттеуде Ресей президенті Путиннің Геленджикте зәулім сарайы бары айтылады.
  • 23 және 31 наурызда Ресейде мыңдаған адам Навальныйды босатуды талап етіп наразылыққа шықты. Жұрт елдегі жемқорлыққа да қарсылық білдірді. 23 қаңтардағы митингіде полиция төрт мың адамды, 31 қаңтарда 5,3 мың адамды ұстады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG