Accessibility links

Қазақстандық диджей Imanbek Grammy сыйлығын жеңіп алды


"Ең үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы анықталғаннан кейін сөйлеп тұрған Иманбек Зейкенов.
"Ең үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы анықталғаннан кейін сөйлеп тұрған Иманбек Зейкенов.

Қазақстандық диджей Imanbek (толық аты-жөні Иманбек Зейкенов) Grammy сыйлығын жеңіп алды. Оның америкалық рэпер Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі үздік деп танылған.

"Анама, әкеме, командама, менеджер Кирилге рахмет! "Грэммиге" рахмет!" деді Иманбек Зейкенов "Ең үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы анықталғаннан кейін.

14 наурызда Grammy сыйлығын табыстау рәсімі онлайн өткен.

Иманбек Зейкенов Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы болып істеген. 2016 жылы шыққан "Roses" әніне 2019 жылы ремикс жасаған.

Былтыр америкалық New York Times газеті 19 жастағы Imanbek туралы мақала басқан. Ол Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG