Accessibility links

Қазақстанда 1020 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


ПТР тест тапсырып жатқан адам. Көрнекі сурет.
ПТР тест тапсырып жатқан адам. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1011 адамның коронавирус тесті оң шықты. Бұл – 14 наурыз күнгі мәлімет. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясына шалдыққандар мен адам өлімі туралы мәліметті жариялаған кезде екі күн бұрынғы деректі жариялайды. 13 наурыз күнгі дерек бойынша, 9 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 5 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 224 731 адамның коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен, 2856-ы қайтыс болған. 206 832 адам жазылған.

Өткен тәулікте Алматы қаласында 342 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Бұл республика бойынша ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. Нұр-Сұлтанда 157 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді. Жексенбі күні Маңғыстау облысында науқас тіркелмеген.

Билік 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарға жеке код беріп, оларды жалпы Covid статистикасына қоспай бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның аталған ауру түріне шалдыққаны белгісіз. Министрлік коронавирус пневмониясын пневмонияның жалпы түрлерінен ажырату қиын болғандығын алға тартқан. Соңғы мәлімет бойынша, 7 айдан астам уақыт ішінде 49 810 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 45 069 адам жазылған. 655 адам қайтыс болған.

Қазір 19 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Басым бөлігінің ПТР тесті оң шыққан. 231 адамның жағдайы ауыр. 38 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 119,8 млн адамға коронавирус жұққан. Шамамен 67,8 млн жазылған, 2,6 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG