Accessibility links

Мьянмада тағы да қантөгіс. Әскери төңкеріске қарсы наразылықты жаншуда 38 адам қаза тапты

Полициямен қақтығыста оққа ұшқан наразы. Янгон, Мьянма, 14 наурыз 2021 жыл.
Полициямен қақтығыста оққа ұшқан наразы. Янгон, Мьянма, 14 наурыз 2021 жыл.

Жексенбі, 14 наурыз күні Мьянмада әскер билігіне қарсы наразылықта кемі 38 адам қаза тауып, ондаған кісі жарақаттанды. Бұл туралы "Саяси тұтқындарға көмек көрсету қауымдастығы" дейтін үкіметтік емес ұйым хабарлады. Әскери хунта осыдан кейін елдің ең ірі қаласы Янгонның екі ауданында әскери жағдай тәртібін орнатты.

Қаза тапқандардың басым бөлігі – 34 адам – Янгонның екі ауданы Хлайнтайа мен Швепитада болған. Әскери жағдай тәртібі де осы екі ауданда орнаған. Қалған төрт өлім Баго, Мандалай, Хпакант қалаларында тіркелген.

Өзге деректерге қарағанда, қаза тапқандар саны 63 болуы мүмкін.

Саяси тұтқындарға көмек көрсету қауымдастығы 1 ақпаннан кейінгі наразылық акцияларында осымен кемі 126 адам қайтыс болды дейді. Ұйымның сөзінше, өлім саны бұдан көп болуы ықтимал.

Біріккен ұлттар ұйымы Мьянмадағы наразыларға қарсы зорлық-зомбылықты айыптап, шерушілерді халықаралық қолдауды күшейтуге шақырды.

"Халықаралық қауымдастық, соның ішінде аймақтық қайраткерлер Мьянма халқы мен оның демократияға деген ұмтылысына ниеттестік ретінде бірігуі қажет" деді БҰҰ-ның Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша арнайы уәкілі Кристина Шранер Бургенер.

Адамдар әскери төңкеріске қарсы наразылық кезінде оққа ұшқан азаматты алып кетіп барады. Янгон, Мьянма, 14 наурыз 2021 жыл.
Адамдар әскери төңкеріске қарсы наразылық кезінде оққа ұшқан азаматты алып кетіп барады. Янгон, Мьянма, 14 наурыз 2021 жыл.

Халықаралық қауымдастықтың қантөгіске алаңдауы күшейді. Бірақ осыған дейін билікті басып алған генералдар зорлық-зомбылықты азайтуға деген үндеулерге құлақ аспады.

БҰҰ-ның Мьянма жөніндегі сарапшысы Том Эндрюс Twitter желісінде 14 наурыз күні болған оқиғаға наразы екенін айтты.

"Хунта басшылары билікте емес, түрмеде отыруы керек" деді ол. "Оларға ақша мен қару жеткізуді доғару қажет. Мен БҰҰ-ға мүше елдерді әрекет ету жөніндегі үндеуіме құлақ асуға шақырамын".

Әскер билігінің әрекетін Human Rights Watch ұйымы да айыптады.

"Демалыс күндері өрт кезінде қаза тапқан шерушілер санының артуы Мьянма қауіпсіздік күштерінің наразыларға әскери оқ атуда қаншалық құтырғанын көрсетеді" деді Human Rights Watch ұйымы Азия жөніндегі директорының орынбасары Фил Робертсон.

14 наурыз күнгі қақтығыстың өршуіне Қытай иелігіндегі бірқатар зауыттың өртке орануы да себеп болған. Наразылар әскери төңкерістің артында Қытай тұр дейді.

Қытай елшілігі өртті айыптап, полицияны Қытай кәсіпорындарының қауіпсіздігін қамтамасы етуге шақырды.

Қамауда отырған Аун Сан Су Чжи дүйсенбі, 15 наурыз күні сот отырысына қатысуы керек.

Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжи рация құрылғыларын заңсыз импорттады, коронавирус шектеулерін орындамады, телекоммуникация заңдарын бұзды және халық толқуын қоздырды деп айыпталып отыр.

Әскери билік сондай-ақ оған 600 мың доллар ақшаны және ірі көлемдегі алтынды пара ретінде алды деп айып тақты. Су Чжидің адвокаты айыптар "негізсіз" дейді.

МЬЯНМАДАҒЫ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІС

1 ақпан күні Мьянма әскері билікті басып алып, елдің де-факто лидері Аун Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді қамауға алған. Төңкерістен кейін билік әскер басшысы генерал Мин Аун Хлайнға өтті.

Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауы әділетсіз өтті дейді. Ол сайлауда Аун Сан Су Чжидің Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз атанған.

Осыдан кейін ел тұрғындары жаппай наразылыққа шығып, әскер билігіне қарсы шықты. Олар Аун Сан Су Чжиді босатып, демократиялық тәртіпті қалпына келтіруді талап етеді.

Ақпанның соңында әскерилер наразыларға суық қару қолдана бастады. 27-28 ақпан күндері өткен наразылық акцияларында полициямен қақтығыста 18 адам қаза тауып, отыздан астам кісі жарақат алды. Полиция шерушілерді тарату үшін резеңке оқ пен жас ағызатын газ қолданды.

3 наурыздағы наразылық кезінде 38 адам қаза тапты. Полиция Янгон, Мандалай, Мьинджан секілді қалаларда наразыларға қарсы оқ атқан. Қаза тапқандардың ішінде екі жасөспірім болған.

Әскерилер көтеріліске шыққан халықты басып-жаншып жатыр. Мьянмадағы жағдай ушығып барады

8 наурызда Мьянмада халықтың әскерилерге қарсы наразылығы жалғасты. Нейпьидо қаласында полиция наразыларға көзден жас ағызатын және өрт сөндіретін газ шашып қуды. Демалыстарда Мьянмадағы кәсіподақтар халықты 8 наурызға митингіге шақырған.

1/13 8 наурызда Мьянмада халықтың әскерилерге қарсы наразылығы жалғасты. Нейпьидо қаласында полиция наразыларға көзден жас ағызатын және өрт сөндіретін газ шашып қуды. Демалыстарда Мьянмадағы кәсіподақтар халықты 8 наурызға митингіге шақырған.

Елде 1 ақпанда әскери төңкерістен соң халық генералдардың билікті басып алып, ел лидері Аунг Сан Су Чжиді қамауға алғанына қарсы шығып жатыр.
2/13 Елде 1 ақпанда әскери төңкерістен соң халық генералдардың билікті басып алып, ел лидері Аунг Сан Су Чжиді қамауға алғанына қарсы шығып жатыр.
Наразылық алғашында тыныш өткенімен, кейін әскерилер мен полиция наразыларға оқ атып, басып-жанши бастады.
3/13 Наразылық алғашында тыныш өткенімен, кейін әскерилер мен полиция наразыларға оқ атып, басып-жанши бастады.
Әскерилер наразыларды тарату үшін оқ, көзден жас ағызатын газ, су шашатын көліктерді қолданып жатыр.
4/13 Әскерилер наразыларды тарату үшін оқ, көзден жас ағызатын газ, су шашатын көліктерді қолданып жатыр.
Наразылар су шашу арқылы көзден жас ағызатын газдың күшін жоюға тырысып жатыр.

5/13 Наразылар су шашу арқылы көзден жас ағызатын газдың күшін жоюға тырысып жатыр.

Наразылар құм толтырылған қаптарды баррикада ретінде пайдаланады.

6/13 Наразылар құм толтырылған қаптарды баррикада ретінде пайдаланады.

Наразылар полицияның газ шашқанына қарсылық білдіріп тұр.
7/13 Наразылар полицияның газ шашқанына қарсылық білдіріп тұр.
Наразылар әскери төңкерістен соң билікті қолына алған Мин Аунг Хлайнге қарсы.
8/13 Наразылар әскери төңкерістен соң билікті қолына алған Мин Аунг Хлайнге қарсы.
Наразы жұрт әскерилерден ел лидері Аунг Сан Су Чжиді босатуды талап етеді. Олар әскерилер билікке келсе демократия жойылады деп қауіптенеді.
9/13 Наразы жұрт әскерилерден ел лидері Аунг Сан Су Чжиді босатуды талап етеді. Олар әскерилер билікке келсе демократия жойылады деп қауіптенеді.
1 ақпанда Мьянма әскерилері елде төңкеріс жасап, биліктегі Аунг Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді үйқамаққа алған. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.
10/13 1 ақпанда Мьянма әскерилері елде төңкеріс жасап, биліктегі Аунг Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді үйқамаққа алған. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.
Төңкеріс жасағандар елде бір жыл төтенше жағдай жариялап, билік әскер басшысы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті.
11/13 Төңкеріс жасағандар елде бір жыл төтенше жағдай жариялап, билік әскер басшысы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті.
75 жастағы Аун Сан Су Чжи 1989-2010 жылдары үйқамақта болған. 1991 жылы, үйқамақта отырған кезде, ол еліндегі адам құқығы мен демократия жолындағы күресі үшін бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленді. Халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң 2010 жылы Мьянма әскерилері оны үйқамақтан босатты. 2015 жылы оның партиясы елдегі сайлауда жеңіске жеткен. Бірақ Су Чжи балалары шетел азаматы болғандықтан елдің президенті бола алмады, бірақ ол елдің де-факто лидеріне айналды.
12/13 75 жастағы Аун Сан Су Чжи 1989-2010 жылдары үйқамақта болған. 1991 жылы, үйқамақта отырған кезде, ол еліндегі адам құқығы мен демократия жолындағы күресі үшін бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленді. Халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң 2010 жылы Мьянма әскерилері оны үйқамақтан босатты. 2015 жылы оның партиясы елдегі сайлауда жеңіске жеткен. Бірақ Су Чжи балалары шетел азаматы болғандықтан елдің президенті бола алмады, бірақ ол елдің де-факто лидеріне айналды.
Суретте: Әскерилер наразылардың бірін ұрып жатыр.

2017 жылы Мьянмадағы әскеи операция кезінде елдің Ракхайн провинциясындағы мыңдаған мұсылман рохинжа қаза тапқан соң Су Чжидің халықаралық беделі түсе бастады. Мьянма әскері операцияның мақсаты экстремистермен күрес деп атағанымен, құқық қорғау ұйымдары Мьянма билігін рохинжалардың көзін құртпақ болды деп айыптады. Аунг Сан Су Чжидің халықаралық беделіне нұқсан келгенімен, ел ішінде беделі жоғары.

13/13 Суретте: Әскерилер наразылардың бірін ұрып жатыр.

2017 жылы Мьянмадағы әскеи операция кезінде елдің Ракхайн провинциясындағы мыңдаған мұсылман рохинжа қаза тапқан соң Су Чжидің халықаралық беделі түсе бастады. Мьянма әскері операцияның мақсаты экстремистермен күрес деп атағанымен, құқық қорғау ұйымдары Мьянма билігін рохинжалардың көзін құртпақ болды деп айыптады. Аунг Сан Су Чжидің халықаралық беделіне нұқсан келгенімен, ел ішінде беделі жоғары.

Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG