Қазақстандық диджей Imanbek (толық аты-жөні Иманбек Зейкенов) Grammy сыйлығын жеңіп алды. Оның SAINt JHN есімді америкалық рэпердің "Roses" әніне жасаған ремиксі "Best Remix" (Үздік ремикс) номинациясында үздік деп танылды. Иманбек Павлодар облысы Ақсу қаласының тумасы, теміржол саласында жұмыс істеген. Ол - Грэмми сыйлығын алған алғашқы қазақ. Әлеуметтік желіде Иманбектің жеңісін қызу талқылап жатыр.
Желі қолданушылар биліктің өнер саласында жетістікке жеткен музыканттың жеңісін "елбасының еңбегіне" балап алатынын мысқылдады. Олар әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың I am a Singer байқауындағы жетістігінен соң сол кездегі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының "біз Димашқа қолымыздан келгенше көмектестік, көмектесе береміз" деген сөзін еске алды.
Иманбек мемлекет басшысының дұрыс саясатының арқасында Грэмми сыйлығын алды.
Желіде қолданушылар арасында Қазақстанды әлемге миллиондаған қаржы бөлініп ұйымдастырылған саммит, форумдар емес, халық арасынан шыққан өнерпаздар танытып жатыр дейтіндер көп.
Қазақты жат жұртқа танытып жатқан саммиттер емес... Димаш (Димаш Құдайбергенов - ред.), Имаш секілді жекелеген азаматтар...
Twitter желісінде KairatKZ деген қолданушы "Иманбек үлкен іс тындырды. Бүкіл Қазақстанға аға-көке қажет емесін көрсетті" деп жазды.
Иманбек Грэмми сыйлығы алды. Ол дегеніңіз музыка әлеміндегі ең үлкен сыйлық. Қазақтың еншісінде Канның Алтын пальма бұтағы (актриса Самал Еслямова алған - ред.) бар. Бұйырса, Оскар мен Нобельді де алармыз. Құтты болсын!
...
Тағы бір қолданушы әлемге танылған кореялық BTS тобының Грэмми ала алмағанын еске салды.
- Иманбек Roses ремиксінен соң әлемге танымал америкалық Usher, Marshmello, британиялық әнші Rita Ora және тағы басқа әншілермен музыка жазды.
- Грэмми сыйлығы (Gramophone Award) - АҚШ-тағы The Recording Academy тағайындайтын музыкалық сыйлық. Бұл марапатты музыка саласындағы Оскар деп те атайды.
ПІКІРЛЕР