Accessibility links

Қазақстанда вирус күшейді: Мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды


Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 17 наурызда Қазақстанда тағы 1082 адамның коронавирус тесті оң шыққанын хабарлады. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш бірнеше күнде алғаш рет 954-ке түскен еді.

Министрлік адам өлімі мен коронавирус пневмониясына шалдыққандарға байланысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 15 наурызда 79 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 226 767 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 208 074 адам жазылған. Өткен тәулікте 703 адамның жазылғаны хабарланды. Былтырдан бері 2 873 адам қайтыс болған. 15 наурызда 8 адам өлімі тіркелген. Олардың бәрінің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 49 896 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан деп айтылады. 45,4 мың пациент жазылған. 656 адам қайтыс болған. 15 наурызда коронавирус пневмониясы бойынша адам өлімі тіркелмеген.

Өткен тәулікте Алматы (307) мен Нұр-Сұлтан (203) қалаларында көп науқас (ПТР тесті оң шыққан) тіркелген. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирусқа байланысты демалыс және мереке күндері қалада карантин күшейеді.

Қарағанды облысында 101 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді. Алматы облысы (91), Ақмола облысы (60), Батыс Қазақстан облысында (55) ондаған науқас қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 120,6 млн адамнан асты. Шамамен 68,4 адам жазылған, 2,66 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG