Accessibility links

1 264 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 10 адам өлімі тіркелді


ПТР тест тапсырып жатқан адам. Көрнекі сурет.
ПТР тест тапсырып жатқан адам. Көрнекі сурет.

Қазақстанда ПТР тесті оң шығып, коронавирус жұққан науқастар 1264 адамға көбейді. Коронавирус бойынша Алматы (366) мен Нұр-Сұлтан (285) қалалары алда тұр. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Тағы 50 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 10 адам өлімі тіркелген. Бұл – 16 наурыз күнгі мәлімет. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 229 217 адамға жеткен. 209,6 мыңы жазылған. 2 891 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде коронавирус пневмониясына жеке код беріліп, оған шалдыққандар бөлек есепке алынып келеді. Содан бері 50 003 адамға коронавирус пневмониясы жұққан. 659 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емес, "басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңға жуық адамның өлімін коронавирус статистикасына енгізбеген.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 121 млн 746 мыңнан асқан. Шамамен 68,6 млн адам жазылған, 2,69 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG