Accessibility links

Қазақстанда тағы 1229 адам Covid індетіне шалдықты


Қазақстанда 21 наурызда 1208 адамнан коронавирус табылды. Ал 20 наурызда тағы 21 адам "коронавирус пневмониясына" шалдыққан. Елде Covid індетінен тағы сегіз адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, елде барлығы 232906 адамнын коронавирус табылған. Былтырғы 13 наурыздан бері елде 2924 адам көз жұмды.

Ал "тесті теріс, бірақ Covid белгілері бар пневмонияға" 50121 адам шалдығып, 662 адам қайтыс болған. Билік "пневмония" статистикасын 1 тамыздан бері жүргізіп келеді.

Қазір елде 21314 адам емделіп жатыр. 18229 адамның тестінен коронавирус табылған. 287 науқастың жағдайы ауыр, 65 науқастың халі тым ауыр, 35 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

21 наурызда коронавирус табылған адамдар саны:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 203
  • Алматы қаласы - 410
  • Шымкент қаласы - 27
  • Ақмола облысы - 51
  • Ақтөбе облысы - 39
  • Алматы облысы - 95
  • Атырау облысы - 41
  • Шығыс Қазақстан облысы - 20
  • Жамбыл облысы - 14
  • Батыс Қазақстан облысы - 93
  • Қарағанды облысы - 90
  • Қостанай облысы - 42
  • Қызылорда облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 13
  • Павлодар облысы - 37
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 16
  • Түркістан облысы - 13

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG