Accessibility links

Қазақстанда 1 111 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 13 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1 105 адамнан коронавирус анықталды, олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 6 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 13 адам өлімі тіркелді: 11 адам – коронавирустан, 2 адам - коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 341, Нұр-Сұлтанда – 195, Алматы облысында 104 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.

2020 жылдың наурызынан бері 236 200 адамның коронавирус тесті оң нәтиже берген. Басым бөлігі жазылған. Содан бері 2 952 адам қайтыс болған.

Билік коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 50 152 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Содан бері 669 адам қайтыс болған.

Былтыр жазда індет өршіп, пневмониямен елде ауруханаға түскендер мен көз жұмғандар күрт көбейген. Бірақ тамыздың басына дейін "пневмонияға" шалдыққан және көз жұмғандар ешқандай статистикаға енбей қалды. Министрлік маусым-тамыз арасында "коронавирус пневмониясына" шалдыққандарды "техникалық қиындықтарға" сілтеп, статистикаға қоспады.

Көп сарапшылар Қазақстанда індетке шалдыққандар мен көз жұмғандар әлдеқайда көп деп санайды.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 124 миллионнан аса адамнан вирус табылған. 2,7 миллионнан аса адам көз жұмса, 70 миллионнан аса адам дерттен айықты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG