Accessibility links

29 наурызда Қырғызстанда дәрігерлерге коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды


Коронавирусты анықтайтын зертхана. Көрнекі сурет.
Коронавирусты анықтайтын зертхана. Көрнекі сурет.

29 наурызда Қырғызстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу науқаны басталады.

Бірінші кезеңде "қызыл аймақта" жұмыс істеп жатқан аурухана мен поликлиника қызметкерлері, жедел жәрдем және білім беру мекемелері мен құқық қорғау орган өкілдеріне вакцина салынбақ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкекте 5 вакцина салу пункті ашылады. Өзге қалалар мен облыстарда бірнеше пунктен ашылмақ.

19 наурызда Қырғызстан қытайлық Sinopharm компаниясының 150 мың вакцинасын алған. Ол 75 мың адамға арналған.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға 25-28 күндік үзіліспен ерікті түрде екі рет салынатынын айтып отыр.

Ведомство барлық аймақтада вакцина салатын медицина қызметкерлерін дайындау процесі жүріп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG