Accessibility links

Covid: 1163 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 14 адам қайтыс болды


Маска таққан әйел. Көрнекі сурет.
Маска таққан әйел. Көрнекі сурет.

Коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар тағы 1 100 адамға көбейді. Коронавирус пневмониясына шалдыққан 63 адам тіркелген. 14 адам қайтыс болған: 11 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің 26 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Коронавирус тесті оң шыққан науқастардың тәуліктік көрсеткіші жөнінен Алматы қаласы алда тұр. 25 наурызда елдегі ең ірі қалада 330 науқас тіркелген. Екінші орында тұрған Нұр-Сұлтанда мұндай науқастар 185 адамға көбейген.

Алматы облысында — 108, Қарағанды облысында – 98, Атырау облысында – 82, Ақтөбе облысында — 54, Ақмола облысында — 50, Батыс Қазақстан облысында — 48, Қостанай облысында — 40, Шымкент қаласында — 35, Павлодар облысында — 28, Шығыс Қазақстан облысында — 19, Жамбыл облысында — 12, Солтүстік Қазақстан облысында — 7, Маңғыстау облысында – 2, Түркістан облысында 2 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Бейсенбі күні Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері елде 237 300 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 1 тамыздан бері 50 215 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан деп айтылады.

Індет басталғалы бері елде 2 963 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Арнайы комиссия шамамен мың адамның өлімін Covid статистикасына енгізбеген. Олардың айтуынша, науқастардан коронавирус анықталғанмен олардың өліміне Covid емес, басқа ауру себеп болған. 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясы 672 адамның өліміне себеп болды деп айтылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 22 131 адам коронавирустан емделіп жатыр. 321 науқастың жағдайы ауыр, 75 адамның жағдауы өте ауыр, 47 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 125,4 млн адамға жеткен, шамамен 71 миллионы жазылған, 2,7 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG