Accessibility links

Іле Алатау ұлттық паркінің 188 гектар аумағы жекеменшікке пайдалануға беріледі


Іле Алатауы ұлттық паркі.
Іле Алатауы ұлттық паркі.

Іле Алатау ұлттық паркінің жалпы көлемі 187,7 гектар болатын 35 аумағы жекеменшікке пайдалануға беріледі.

Ұлттық парктің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, туристік және рекреация нысандарын дамыту мақсатында аталған аумақтарды пайдалану үшін тендер жарияланып, конкурс өтеді. 9 аумақты – 25 жылға дейін, 26 аумақты 5 жылға дейін жекеменшік компанияларға пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, парк аумағында төмендегідей нысандар салуға басымдық беріледі:

  • Үлкен Алматы орманы аумағынан тау-шаңғы курортын салуға – 140 гектар жер бөлінеді;
  • эко-қонақ үйге салуға 1.5 гектар жер қарастырылған;
  • туристік сауықтыру кешендері;
  • қоғамдық тамақтану орындары;
  • балалар лагері.

Іле Алатау ұлттық паркінің аумағы алғаш рет тендерге қойылып жатқан жоқ. Былтыр көктем мен жазда Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігінің (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болған. Ұлттық меншік саналатын аумақты жалға беру экобелсенділер арасында үлкен резонанс туғызған. Іле Алатауы ұлттық паркінің учаскелерін жалға алған "Құлтау және К" компаниясының артында кім тұрғанын да Азаттық жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG