Accessibility links

Алматыда коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка штамы анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

- Жаңа штамдар өте тез жұғады. Алдыңғы штаммен салыстырғанда жаңа штамның жұғу деңгейі 70 пайыздан жоғары. Яғни, аталған инфекция өте тез жұғады. Соңғы уақытта қалада байқалып жатқан ауру өсімі де содан, – деді Бекшин.

Қазір Алматы қаласы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұр. Биыл қалада 12 800 адамнан коронавирус анықталған. Бекшиннің айтуынша, "мутацияланған штамм тараған шақта ауру өсімі де жоғары болады".

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұққан балалар мен жастардың көбеюіне байланысты коронавирустың жаңа штамын анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған.

— Былтыр ауырғандардың көбі 1980 жылдан кейін туғандар болса, биыл – 1990 жылдан кейін туғандар. Мектепке дейінгі балалар арасында ауырғандар екі есе артты. Мектеп оқушылары арасында ауырғандар үш есеге жетіп қалды. Мұның барлығы жаңа штамм жылдам жұғатынын айғақтайды, — деген еді сол кезде Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда британдық штамның пайда болуына Түркия арқылы түрлі елдерден қазақстандықтардың оралуы себеп болуы мүмкін, себебі Стамбул әуежайлары "жер шарының оңтүстік бөлігі үшін негізгі хаб" саналады.

Алматы билігі халықты жаппай вакцинациядан өткізу үшін "Спутник V" вакцинасының ірі партиясын күтіп отырғанын айтады. 25 наурыз күнгі мәлімет бойынша, қалада 12 550 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG