Accessibility links

Коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria болып өзгертілді


AstraZeneca вакцинасы.

Ағылшын-швед компаниясының коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының атауы өндірушінің өтінішімен Vaxzevria болып өзгертілді. Бұл туралы ақпарат Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігінің ресми сайтында жарияланды.

Дәрі атауы өзгергенмен препараттың құрамы сол күйі қалады, бірақ маркасы мен қаптамасында өзгерістер болуы мүмкін делінген Швецияның медицина өнімдері агенттігінің хабарламасында.

Өндіруші вакцина атауын өзгерту себебін түсіндірмеді.

Вакцина адам ағзасында тромбтардың түзілуіне ықпал етуі мүмкін деген ақпаратқа алаңдаған ондаған мемлекет жақында AstraZeneca вакцинасын пайдалануды тоқтатқан. 18 наурызда Еуропадағы реттеуші орган вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екенін айтқан. Бұдан соң бірнеше мемлекет, ішінде Германия мен Италия да бар, вакциналау науқанын жалғастырған.

Наурыз айының соңында AstraZeneca компаниясы қайта тексерістен соң препараттың тиімділігін 85 пайыздан 79 пайызға түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG