Accessibility links

Бірнеше мемлекет Covid-тің шығуы жайлы зерттеу қорытындысына алаңдаушылық білдірді


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобының жетекшісі Питер Бен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобының жетекшісі Питер Бен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылар тобы қытайлық мамандармен бірігіп жүргізген коронавирустың тегіне қатысты зерттеу есебін жариялағаннан кейін АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания және тағы бірқатар мемлекет зерттеу қорытындысына алаңдаушылық білдірді. Олар Қытайды вирустың тегіне байланысты қолда бар мәліметпен бөлісуге шақырды.

Аталған елдер әлемде кемінде 2 млн-нан адамның өліміне себепші болған вирустың шығуын зерттеу “ешқандай араласусыз және ешбір елдің ықпалынсыз” ашық әрі тәуелсіз жүргізілуі қажеттігін алға тартты. Олар мәлімдемеде болашақта мұндай індетке халықаралық тұрғыда баға беру үшін ашық әрі ғылымға негізделген әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өткен. Мәлімдемеге Австралия, Канада, Чехия, Дания, Эстония, Израиль, Жапония, Латвия, Литва, Норвегия, Оңтүстік Корея, Словения, Ұлыбритания және АҚШ қол қойған.

Сейсенбі күні ДДСҰ тобының жетекшісі Питер Бен Женевадағы баспасөз жиынында вирустың пайда болуы жайлы зерттеудің алғашқы қорытындысын таныстырған. Халықаралық сарапшылар тобы "вирус адамға жануар арқылы жарқанаттан жұғуы мүмкін деген болжам ақиқатқа ең жақын нұсқа" деп таныған.

“Бұл тек басы ғана – біз тек жүргізілуі тиіс өте күрделі зерттеулер топтамасын бастап қана қойдық. Және қазірден бастап қанша қосымша зерттеу жүргізілуі қажеттігін де атап көрсеттік" деді Питер Бен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG