Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысына кіріп-шығуға шектеу қойылды, бірақ бұл карантин емес


1 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысына кіріп-шығу шектелді. Бұл туралы бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған.

— Бірақ бұл карантин емес, жәй ғана санитарлық бекеттер қойылды. Бәрі хабарласып, сұрап жатыр. Біз 8 ақпаннан бастап "жасыл аймақта" тұрмыз. Алматы мен Нұр-Сұлтан "қызыл аймақта" болғандықтан қорғану мақсатында санитарлық бекеттер қойдық, — деді облыстық тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Бағлан Тауанова.

Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының түйіскен ортасына үш санитарлық пост қойылған, Қарағанды мен Павлодар облыстарымен шектесетін аумақтарда да үш бекеттен бар. "Ауыл", "Бақты", "Майқапшағай" және "Үлбі" өткізу пунктеріне төрт бекеттен қойылған.

Қаулыға сәйкес, облыс аумағына жекелеген категорияға кіретін азаматтар ғана кіріп, шыға алады. Бекеттен өте алатын адамдар категориясының тізімінде 19 пункт бар. Олардың арасында апат бригадасының қызметкерлері, құқық қорғау органдары, жеке күзет фирмасының өкілдері, спорт командасының мүшелері, іссапармен келгендер, оқу орнына оралған студенттер және тағы басқа топтар бар.

P.S.: Бірнеше сағаттан соң қаулы сәл өзгертілген. Облыс басшылығы Павлодар облысы жағына санитарлық пост қоймауды жөн көрген. Оған қатысты түсініктеме берген баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова шешімнің "сәл асығыс түрде" қабылданып кеткенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG