Accessibility links

Иракта АҚШ әскері шоғырланған әуе базасы маңына екі зымыран құлады


Ирактағы әскери базаны күзетіп тұрған АҚШ әскері. Көрнекі сурет.
Ирактағы әскери базаны күзетіп тұрған АҚШ әскері. Көрнекі сурет.

Жексенбі күні Иракта Америка әскері шоғырланған Балад әскери әуе базасы маңына екі зымыран құлады. Бұл туралы Ирак қарулы күштері хабарлады.

Шабуылдаушылар Бағдат солтүстігіндегі Балад әуе базасын атқылауды көздеген. Алғашқы зерттеу осыны көрсеткен. Ирак қауіпсіздік күштері өкілдерінің хабарлауынша, зымырандар нысанаға жетпей, Бағдаттың оңтүстік-шығысындағы Әл-Бу-Аси елді мекеніне барып құлаған.

Әзірге шабуылды ешбір ұйым мойнына алған жоқ. Бірақ осыған дейін Америка шенеуніктері зымыран шабуылдарына ираншыл қарулы топтарды айыптаған. Бұған дейін АҚШ әскері, Американың Бағдаттағы елшілігі, шетел күштерін жабдықтайтын Ирак күзеті шабуылға ұшыраған.

Ираншыл қарулы топтар шетел әскерін оның ішінде, шамамен 2500 сарбаздан құралған Америка әскерін Ирактан алып кетуді талап етеді.

Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресетін АҚШ жетекшілік ететін коалиция бар. Бұған қоса, Ирак әскерін жаттықтыратын НАТО миссиясы да шоғырланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG