Accessibility links

2544 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 22 адам өлімі тіркелді


Медицина мекемесі. Наурыз 2021 жыл.
Медицина мекемесі. Наурыз 2021 жыл.

Қазақстанда тағы 2 440 адамның коронавирус тесті оң шықты.

Бейсенбі күні Алматыда – 717, Нұр-Сұлтанда – 446, Алматы облысында – 254, Қарағанды облысында – 169, Ақтөбе облысында – 116, Атырау облысында 149 науқас тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында – 110, Ақмола облысында – 101, Шымкент қаласында – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 49, Қостанай облысында – 33, Жамбыл облысында – 38, Қызылорда облысында – 43, Павлодар облысында – 38, Солтүстік Қазақстан облысында – 49, Түркістан облысында – 23, Маңғыстау облысында 33 адамнан коронавирус анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 сәуірде 104 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сәрсенбі күні 22 адам өлімі тіркелген. 19 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Биліктің мәліметінше, індет басталғалы бері 263 943 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 51 159 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 721 адам өлімі тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Былтыр маусым мен шілде айларында індет ушығып, өкпе ауруына шалдыққандар көбейген шақта министрлік коронавирус пневмониясы мен пневмонияға шалдыққандарды ажыратудың қиындығын алға тартқан. Тек тамыздан бастап коронавирус пневмониясына жеке код беріліп, жалпы пневмониядан бөлек есепке алына бастады.

Былтырдан бері 3190 адам коронавирустан қайтыс болды деп айтылады.

Коронавирусқа шалдыққан, бірақ арнайы комиссия "басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңға жуық адам өлімі Covid статистикасына енгізілмеген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары адам өлімінің көптігі індет құрбандарының көп екенін білдіреді деп айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG