Accessibility links

Covid жұқтырғандар 2726 адамға көбейді, 25 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

14 сәуірде Қазақстанда 2641 адамның анализінен коронавирус анықталған. 85 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 25 адам өлімі тіркелген: 20 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді.

Сәрсенбі күні Алматы қаласында 657 адамнан коронавирус анықталған. Нұр-Сұлтанда да соған ұқсас көрсеткіш (650) тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында – 95, Павлодар облысында – 45, Атырау облысында – 113, Қарағанды облысында – 202, Ақмола облысында – 85, Батыс Қазақстан облысында – 117, Алматы облысында – 220, Қостанай облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Шымкент қаласында – 111, Жамбыл облысында – 38, Ақтөбе облысында – 109, Түркістан облысында – 28, Маңғыстау облысында – 52, Қызылорда облысында 65 науқас анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 278 695 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3306 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген мыңға жуық адам өлімі енбеген.

Қазақстан үкіметі былтыр тамыздан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізіп келеді. Содан бері елде барлығы 51 624 адам пневмонияның осы түрімен тіркелген. Оның 741-і қайтыс болған. Бұл дерек коронавирустың ресми статистикасынан бөлек жүргізіледі. Бірақ халықаралық ұйымдар Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Қазір 36 436 адам коронавирустан емделіп жатыр. 36 мыңнан астамының коронавирус тесті оң шыққан. 591 адамның жағдайы ауыр, 172 науқастың халі өте ауыр. 127 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа коронавирусқа қарсы екпе салына бастаған. Вакцина бірінші кезекте дәрігерлерге салынды. 15 сәуірдегі мәлімет бойынша, елде 505 мың адам "Спутник V" екпесінің бірінші дозасын алған. Коронавирусқа қарсы өзге вакциналар секілді "Спутник V" екпесі де екі дозадан тұрады. Екіншісі біріншісінен кейін 21 күн өткенде салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG