Accessibility links

Миннеаполисте полиция қызметкерін қара нәсілді азаматтың өлімі үшін айыптады


Данте Райттың қазасынан кейін тұтанған наразылық. АҚШ, Миннесота штаты, 14 сәуір 2021 жыл.
Данте Райттың қазасынан кейін тұтанған наразылық. АҚШ, Миннесота штаты, 14 сәуір 2021 жыл.

Миннесота штатының прокурорлары полиция қызметкері Ким Поттерге кездейсоқ адам өлтіру бабы бойынша айып тақты. 11 сәуірде ол 20 жастағы қара нәсілді азамат Данте Райтты ұстамақ болып, оқ атқан. Поттерге 10 жыл түрме жазасы қаупі төніп тұр.

Полицейлер Бруклин-Сентер қаласында жол ережесін бұзғаны үшін Райттың көлігін тоқтатқан. Полицейлер оны ұстауға қамданған кезде Райт көлігіне шапшаң отырып, қашып кетпек болған. Сол кезде Поттер оған оқ атып, соның салдарынан жарақаттанған. Көлік бірнеше көше жүріп барып, басқа көлікке соқтығысқан. Райт оқиға орнында қаза болған. Жергілікті ақпарат құралдары бұған дейін полицейлерде Райтты ұстау ордері болғанын жазған.

Полицияның мәлімдеуінше, Поттер электрошокер қолданбақ болған, бірақ қателесіп пистолеттен оқ атқан. Оқиғадан кейін жаппай наразылық тұтанды.

Бруклин-Сентер – Миннеаполистегі шағын қалашық. Қазір онда былтыр мамыр айында полиция қолынан қаза болған қара нәсілді Джордж Флойдтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұрын құқық қорғау органдарының назарында болған афроамерикалық азамат Джордж Флойд жалған ақша жасау күдігіне ілінген. Бұл істе бұрынғы полицей Дерек Шовинге ауыр айыптар тағылған. Ол Флойдты ұстау кезінде тұншықтыру әдісін қолданған. Афроамерикалық азамат содан кейін қайтыс болған. Шовин тағылған айыптарды жоққа шығарады. Оған 40 жыл түрме жазасы қаупі төніп тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG