Accessibility links

АҚШ Ресейдің қарымта санкцияларын "жағдайды ушықтыру" деп атады


АҚШ мемлекеттік департаментінің ғимараты
АҚШ мемлекеттік департаментінің ғимараты

АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтон салған санкцияға жауап ретінде Ресейдің 10 АҚШ дипломатын шығарып жіберуін "қынжылтатын қадам" және жағдайды "ушықтыру" деп атады.

Мемлекеттік департамент өкілі электронды хатында АҚШ-тың екі ел арасындағы жағдайды бұдан әрі ушықтыруға мүдделі емес екені айтылады. "Ушықтыру циклы бастауға мүдделі емеспіз, бірақ біз Ресейдің АҚШ-қа қарсы кез келген қарымта әрекетіне жауап беруге қақылымыз" деп жазылған мемлекеттік департамент хабарламасында.

Мұның алдында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вашингтонның он Ресей дипломатын елден шығару шешіміне жауап ретінде он АҚШ дипломатын ел аумағынан шығаратынын мәлімдеген.

АҚШ елдегі "сайлау науқанына араласқаны, кибершабуыл жасағаны" және өзге де "жаушыл әрекеттері" үшін Ресейге санкция салған. Лавров бұл шешімге Мәскеу өз деңгейінде жауап береді деген.

15 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ресей дипломаттарын шығарып жіберу және Ресейдің ондаған заңды және жеке тұлғасына санкция салу туралы жарлыққа қол қойды. Вашингтон мұны "АҚШ-қа және оның мүдделеріне қарсы әрекеті үшін" Кремльді жауапқа тарту шарасы деп сипаттады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG