Accessibility links

Павлодар облысында дала өртінің аумағы 1 мың гектардан асты


Павлодар облысында өртеніп жатқан орман. 18 сәуір 2021 жыл. Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті таратқан сурет.
Павлодар облысында өртеніп жатқан орман. 18 сәуір 2021 жыл. Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті таратқан сурет.

Павлодар облысында дала өртінің аумағы 1,2 мың гектарға жетті, шамамен 300 гектары – орман. Бұл туралы 19 сәуір күндіз облыстың төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Шарбақты ауданы Галкин селолық округы маңындағы дала орманы 18 сәуір күндізден бері өртеніп жатыр.

"Қатты желге байланысты от үш бағытқа жайылды, екі бағытта өрт қайтадан шықпас үшін өртенген аумақтарға бақылау қойылды, бір бағыт бойынша өрт сөндіріліп жатыр" делінген департамент хабарламасында.

Өртті сөндіруге 50 техника мен 206 маман тартылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG