Accessibility links

Күзетшіні атып, артынан 17-қабаттан секіріп мерт болған адам Ресей азаматы болып шықты

Күзетшіні атып, одан бөлек 30-ға жуық оқ жаудырған ер азамат ұстау операциясы кезінде. Азамат "Бұхар Жырау Тауэрс" кешенінің 17-қабатындағы пәтерге тығылып, бірнеше сағаттан соң терезеден секіріп кетіп, құлап өлген. Алматы, 24 сәуір 2021 жыл.

Алматыда аңшы мылтығымен оқ жаудырып, қаланы дүрліктірген ер кісінің Ресей азаматы екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Тергеу барысында күдікті РФ азаматына оқ-дәрілері бар қарудың тиесілігі анықталады" делінген полиция хабарламасында.

24 сәуірде Алматыдағы "Бұхар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде аңшы мылтығымен қаруланған 56 жастағы азамат кешен күзетшісімен ерегісіп қалып, оған оқ атқан. Артынан биік үйдің 17-қабатындағы пәтерге тығылып, сол жерде 30-ға жуық оқ атқан. Полиция онымен бірнеше сағат келіссөз жүргізген, бірақ ер азамат келісімге келмеген, ешқандай талап та айтпаған. Кейін пәтердің терезесіне секіріп кетіп, қаза тапты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG