Accessibility links

Түркіменстанда ардагерлерден "президент атынан берілетін" сыйлық үшін ақша жинап жатыр


Ашғабаттағы әскери парад.
Ашғабаттағы әскери парад.

Түркіменстан билігі Екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагерлерін өздеріне берілетін сыйлық үшін ақша жинап беруге міндеттеді. Сыйлық президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің атынан тапсырылады. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Елдің шығысындағы Лебап уәлаятындағы Фараб қаласында ардагерлерден ақша жиналған. Редакцияның жазуынша, былтыр да билік ардагерлерден сыйлыққа ақша жинаған. Ресми түрде ақша жинау себебі айтылмайды.

Азатлыктың жазуынша, елде қанша ардагердің тірі қалғаны белгісіз. Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері мәртебесі жергілікті заңнамада жазылған. Ережеге сәйкес, тыл ардагерлерінің жасы – 90 жас, соғыс ардагері 94 жастан кіші болмауы тиіс.

Ақпаратқа қарағанда, ардагерлерге берілетін сыйлықтар жиналған ақша мөлшерімен сәйкес келмейді, себебі жарнаның жартысын билік басқа мақсаттарға жұмсайды. 2020 жылы ардагерлер мемлекеттік наградалар үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG