Accessibility links

Үндістанда бір күнде коронавирустан 3754 адам қайтыс болды. Делиде метро тоқтады


Коронавирустан қайтыс болғандарды өртеу сәті. Үндістан, 2021 жылдың мамыры.
Коронавирустан қайтыс болғандарды өртеу сәті. Үндістан, 2021 жылдың мамыры.

Үндістанда 9 мамырда 366 мыңнан аса адамнан коронавирус табылып, 3754 адам Covid дертінен қаза тапты. Сарапшылар бұл елде вирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар ресми статистикадан әлдеқайда көп деп санайды.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди саясаткерлер мен дәрігерлердің елде толық локдаун енгізу талабына құлақ аспай отыр. Бірақ жергілікт биліктері өз аймағында локдаун енгізіп жатыр.

Үндістандағы ахуал әлі қиын. Науқастар аурухана сыртында өмірмен қоштасып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00

Дели қаласының билігі 20 сәуірде басталған локдаун 17 мамырға дейін созылатынын хабарлады. Бүгін, 10 мамырдан бастап Делиде метрополитен жұмысы тоқтайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан AFP агенттігіне берген сұхбатында "Үндістандағы вирустың өршуіне B.1.617 үнді штамымен жұрттың діни және саяси шараларға жаппай қатысуы себеп болды" деген.

Үндістан штамы бұл елде былтыр қазанда табылған. АҚШ пен Ұлыбритания сарапшылары үнді штамы коронавирустың алғашқы штамынан әлдеқайда жылдам тарайды әрі қауіпті дейді.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 157,7 млн адамнан вирус табылып, 3,3 млн адам көз жұмды, ал Үндістанда 22 млн адамға вирус жұққанын, 242 мың адам қайтыс болған.

Үндістан қазір әлемде вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан (32,6 млн адам вирус жұқтырып, 581 мың адам көз жұмды) кейінгі екінші орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG