Accessibility links

Ауғанстанда жолда жарылған бомбадан кемі 11 адам мерт болды


Кабул-Қандағар жолындағы жарылыстан зардап шеккен адам. 10 мамыр 2021 жыл.
Кабул-Қандағар жолындағы жарылыстан зардап шеккен адам. 10 мамыр 2021 жыл.

10 мамырда Ауғанстанның Забул провинциясында автобус маңында бомба жарылып, кем дегенде 11 адам мерт болып, 28 адам жараланды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар.

Жарылыс түнде болған, жол жиегіне орнатылған бомба Кабулдан Қандағарға кетіп бара жатқан автобусты бүлдірген.

Ауғанстан билігі жарылысқа Талибан қозғалысын айыптап отыр. Өткен аптаның соңында Талибан Ораза айт үшін үш күн уақытша бітім бастайтынын айтқан.

АҚШ билігі Ауғанстаннан әскерін толық шығаратынын хабарлаған соң бұл елде жарылыс пен шабуыл көбейді.

8 мамырда Кабулда мектепке жасалған шабуылдан кемі 50 адам опат болып, 100-ден аса адам жараланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG